Шақыртылған шетелдік ғалымдар бағдарламасы аясында ҚазҰУ Токио шет тілдер университетінің профессорын қабылдады.
Қиыр Шығыс кафедрасында Токио шет тілдер университетінің профессоры Окада Акитоның «Жапониядағы білім беру жүйесі» тақырыбында дәрістері өткізілді.
ҚазҰУ-ға сапары барысында мейман университеттің тарихы мен халықаралық білім кеңістігіндегі жетістіктерімен танысты. «Менің Қазақстанға алғаш сапарым әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен байланысты болғанына өте қуаныштымын. Университет кампусының ауқымы мен оның даму әуелеті таңқаларлық. Біз белсенді ынтымақтастықты дамытуға және де тәжірибемен алмасуға дайынбыз», - деп жапондық профессор өзінің әсерімен бөлісті.
Профессор Окада Акито Нью-Йорк университетінде (АҚШ) магистр дәрежесін алып, Оксфорд университетінде (Ұлыбритания) докторлық диссертациясын қорғаған және «Scopus» мәліметтер базасына кіретін рейтингтік басылымдарында жарияланған бірқатар ғылыми мақалалардың авторы.
www.kaznu.kz