Жаңалықтар

ҚазҰУ Жұмыс берушілер Кеңесінің компанияларындағы студенттерге арналған практика

11.10.2010

Құрметті студенттер! Сіздерді Мансап секторы мен ҚазҰУ Жұмысберушілер одағының компаниялары Қазақстанның ең ірі компанияларында практикадан өтуге шақырады. Мұндай компаниялардан практикадан өту сіздің теориялық білімдеріңізбен дағдыларыңызды практикада негіздеуге көмектеседі.

ҚР Ұлттық ғарыштық агенттігі өзіне қарасты мекемелерде қысқы мерзімге келесі мамандықтар бойынша пракатикадан өтуге шақырады: Геодезия және картография, гидрология, ақпараттық жүйе, информатика, математика, Математикалық және компьютер пiшiндеуi, механика, радиотехника, электроника және телекоммуникация, физика, экология, Ядролық физика, астрономия және ғарыштық байланыс.

«Тау-кен серiктестiк» ЖШС келесі мамандықтар бойынша студент-практиканттардың жиынын жариялайды: химия, юриспруденция, экономика, есепке алу және аудит.

АҚ «ҰАК «Қазатомөнеркәсіп» студенттерді қысқы мерзімге келесі мамандықтар бойынша пракатикадан өтуге шақырады: математикалық және компьютерлік пiшiндеу, материалтану және жаңа материалдардың технологиясы, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, тiршiлiк әрекетiнiң қауiпсiздiгi және қоршаған ортаны қорғау, қаржы, юриспруденция, экономика, есепке алу және аудит, химия, геодезия және картография.

Құжаттардың негiзгi тiзiмi: кандидаттың сауалнамасы, студенттiң практикалық жоспары, транскрипт, жеке куәліктің көшірмесі, РНН көшірмесі. Толық ақпарат алу үшін Мансап секторына хабарласуыңызды сұраймыз, ректорат, 1 қабат, консультациялық орталық, тел: 3773363.

Мансап секторы