Жуырда Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімі Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласын талқыланды. Куратор-эдвайзерлер және «Шығыстану» мамандағының докторанты Сермухаметова Багжан тарихи көзқарас арқылы қазіргі заманның негізгі басымдықтары туралы 1 курс студентеріне егжей-тегжейлі баяндап берді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы бұл тек ел экономикасын жаңғыртуды ғана емес, сонымен бірге елдің трансформациясының маңызды тірегі. Мақалада қойылған мақсаттарды жүзеге асыру Ұлы дала еліне жаңа білім әкеледі. Оның басты идеясы - ұлттық тарихқа жаңа көзқарас қалыптастыру болып табылады.
Шығыстану, аударма ісі, шетел филологиясы мамандығы бойынша оқитын студенттер: ««Президентіміз Н. Назарбаев өзінің «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында ұлттық тарихи мәселесі туралы сөз қозғады. Біздің тарихи және мәдени құндылықтарымызды әрбір жас буын тереңірек зерттеп, түсіну қажет. Сондықтан қазақстандық қоғамның жас ұрпағы ретінде, бұл идеяны әрбір адамның өміріне жеткізуге біз міндеттіміз», – деді жиынға қатысушылар.
www.kaznu.kz