Жаңалықтар

Журнал клубының отырысы

20.01.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  "Журнал клубы" ғылыми үйірмесінің жетінші отырысы өтті.

Отырыс қатысушылары кохлеарлы имплантанттарды орнатқаннан кейін балалар мен олардың отбасыларының өмір сүру сапасын бағалау және өмір сүру сапасының факторлары мен балалардың қарым-қатынас дағдыларының арасындағы ықтимал корреляцияларды бағалау бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелері көрсетілген ғылыми басылымды талқылады. Ұсынылған ғылыми мақаланың тиімді және тиімсіз жақтарын анықтай отырып, медицина және денсаулық сақтау факультетінің оқытушылары мен студенттеріне мәліметтер базасында ғылыми жарияланымдар іздеу, өз мақалаларын жазу, өз зерттеулерін ұйымдастыру және т. б. жөнінде құнды ұсыныстар айтылды. Зерттеушілердің ғылыми әдебиеттерді зерттеуі белгісіз және жаңа білім алуға ғана емес, сонымен қатар ғалым өзінің зерттеулері арқылы адам қоғамында білімдегі олқылықтарды анықтауға да ықпал ете алады.

Медицина және денсаулық сақтау факультетінде