Жаңалықтар

«ЖАҢА ДІНИ АҒЫМДАР ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БІРЕГЕЙЛІГІН САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ Алматы, Қазақстан, 2010 жыл, 26 қазан.

25.10.2010

Құрметті әріптестер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 2010 жылдың 26 қазанында философия ғылымдарының докторы, профессор Б.Қ.Құдайбергеновтың 65 жылдығына және дінтанулық білім берудің 10 жылдығына арналған «Жаңа діни ағымдар және қазіргі Қазақстанның ұлттық және мемлекеттік бірегейлігін сақтау мәселелері» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты: Қазіргі Қазақстан қоғамының рухани әлеуметтік дамуындағы жаңа діни ағымдардың рөлін, олардың ұлттық және мемлекеттік бірегейлікке ықпал ету деңгейін анықтау. Қазақстандағы жаңа діни ағымдардың қалыптасуы мен даму жолдарын, ілімдік және ғұрыптық ерекшеліктерін талдау арқылы, олардың қоғамдық санаға, ұлттық және мемлекеттік бірегейлікке ықпал-әсерлерін айқындау.

КОНФЕРЕНЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ:

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

  • Ø Б.Қ.Құдайбергенов және қазіргі қазақстан қоғамының рухани-діни ізденістері
  • Ø Қазақстандағы жаңа діни қозғалыстар: мәні мен мәселелері
  • Ø Жаңа діни ағымдардың таралыуының әлеуметтік–саяси және этнопсихологиялық факторлары
  • Ø Жаңа діни ағымдар және олардың ұлттық және мемлекеттік бірегейлігін сақтау мәселелері

ЖАРИЯЛАНЫМ:

Жариалынымның негізгі шарты – конференцияда баяндама жасау. Конференция жұмысының басталуына орай, ұйымдастыру комитеті бағдарлама және конференцияда жасалынған баяндамалар жинағын басып шығаруды жоспарлауда. Мәтіндердің мазмұны конференция тақырыбына сай болуы шарт. Баяндамалар электронды түрде және бір данасы талапқа сай қағазды нұсқада толтырылып ұсынылуы тиіс. Баяндама (мақала) 5 бет көлемінде А 4 форматында және электронды нұсқада e-mail немесе пошта арқылы дискте 2010 жылдың 10 қазанына дейін жіберіледі.

Мақала баспадан шығу үшін төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:

1.Баяндама (мақала) мәтіні 5 бет көлемінде және тіркеу формасы MS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылған болуы тиіс. Кесте, схемалардың, суреттердің өз атауы болуы және Windows аясында терілуі тиіс.

2. Парақтың параметрлері: жоғарғы жағы-2 см, төменгі жағы -2см, сол жағы-2см, оң жағы 2 см.

3.Шрифт: Times New Roman, Kz Times New Roman, кегль-14.

4. 1 - Аралық интервалмен. Жаңа жол: 1,25 см.

5. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан баяндама (мақала) материалдары беріледі.

6. Әдебиеттер тізімі мәтін соңында және тізім тәртібіне сәйкес жазылады. Мәтінде әдебиеттер тізімі «квадратты» жақшада әдебиеттер тізіміндегі еңбек нөміріне сәйкес нөмір қойылады. Сілтемені қолданғанда қайнар көздің бетін көрсету керек. Мысалы: [ 1, 256 б].

Материалдар жинағының редакциялық алқасы мақала мәтінінің редакциясы үшін жауап бермейді және баяндамаларды таңдап алу құқығын өзіне қалдырады. Конференция материалдары 2 ай ішінде ғана тартылады.

Автор және тақырып жайындағы мәліметтерді келесі нұсқа бойынша жасуыңызды өтінеміз

Фамилия А.Ә.

жоо (қысқартылған атауы),

ғылыми дәрежесі, қызметі

қала, ел

Мақаланың тақырыбы

Мысалы:

Құрманалиева А.Д.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

филос.ғ.к., доцент

Ислам философиясындағы адам мәселесі

ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ

Конференция жұмысына қатысу үшін өтініштерді қабылдау 2010 жылдың 10 қыркүйгіне дейін.

Өтініштер талаптарға сай тіркеу формасында және баяндамалар түрінде беріледі.

ТІРКЕУ ФОРМАСЫ

1.Тегі, аты-жөні (толығымен)____________________________________

2.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы_______________________________

3.Мекемесі, лауазымы__________________________________________

4.Мекен-жайы_______________________________

5.Телефон (халықаралық байланыс кодымен, ұялы телефон)_________

6.E-mail______________________________________________________

7. Мақала тақырыбы____________________________________________

Менің мақсатым:

Пленарлық баяндама жасау 
Секциялар мәжілісінде баяндама жасау 
Конференция жұмысында тыңдарман ретінде қатынасу 

ТІРКЕУ ЖАРНАСЫ

Конференцияға қатысу, конференция жинағында бір мақаланың құны - 3500 тенге

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ

Қазақстан Республикасы,

050012, Алматы қ., Амангелді көшесі 61,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультеті

Философия және ғылым методологиясы кафедры, 206 бөлме

Телефон: (8-7272) 67-43-73 немесе 67-43-83 қосымша 110.

e-mail: newreligcon@mail.ru