Жаңалықтар

«Бағалы қағаздарды алу және іске асыру механизмдері» семинары

28.10.2010

Мансап Секторы және ҚазҰУ Жұмыс берушілер Кеңесінің компаниясының Алматы қалалық өңірлік қаржы орталығы (АӨҚО) 29 қазанда «Бағалы қағаздарды алу және іске асыру механизмдері» атты семинарын өткізеді. Еліміздің қаржы саласындағы жетекші сарапшылары Алматы қаласының өңірлік қаржылық орталығының қызметімен таныстырып, бағалы қағаздар нарығы мен қаржылық қызметтер нарығы, капиталды тарату тәсілдері және оны қор нарығы арқылы отандық компаниялармен инвестициялау жөнінде толық ақпарат береді.

Өткізу уақыты және орны: 29 қазан, 17:00-де,Экономика және бизнес жоғары мектебінің 6 залы

Мансап Секторы

Академиялық мәселелер жөніндегі Департамент