Жаңалықтар

Журналды клуб отырысы

28.02.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық факультетінде «Журналды клуб» ғылыми клубының сегізінші отырысы өтті, онда ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 1 курс PhD-докторанты А.И. Джуманов қатерлі ісікке қарсы скрининг әдістерінің диагностикалық дәлдігі мен медициналық-экономикалық тиімділігі бойынша ғылыми басылымның сыни талдауын жүргізді. Таңдалған мақала өз зерттеулерімізді, біздің магистранттарымыздың және докторанттардың ғылыми жарияланымдарын жазуға жақсы үлгі болды.

 Сонымен қатар, журнал клубының кездесулері қатысушылардың практикалық дағдыларын дәлелдемелер мен ғылыми әдебиет деректерін сыни бағалау негізінде дамытуға және жақсартуға көмектеседі. Журнал клубының жұмысы білім алушылардың жеке даму жоспарының шеңберінде білім құрылымына да әсер етеді. Журнал клубының отырысына қатысқандардың барлығы көптеген бейресми сауалдар қоя отырып, ашық әңгіме жүргізді.

www.kaznu.kz