ҚазҰУ-да «Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қалдықтарды тұрақты басқарудағы мамандарды дайындаудың құзыреттілігін арттыру» Эразмус+ жобасы аясында «Қалдықтарды басқару саласында онлайн оқытудың перспективалары» атты вебинар өтті.
Бұл жоба бойынша серіктес университеттер 8 онлайн модуль, оның ішінде 20 курс қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әзірлейді. Вебинар жұмысына KASE-нің директоры, ECO Network негізін Евгений Мухамеджанов, «Тартып» АӨ өндірістік бөлімінің жетекші маманы Бейсенов Мирас, «Сайман корпорациясы» ЖШС-нің перспективалық өңдеулер бөлімшесінің бастығы Уарбеков Биржан және ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері қатысты. Қатысушылар қалдықтарды басқару саласындағы мәселелерді талқылады. Шарада қазақстандық университеттер «Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қалдықтарды тұрақты басқарудағы мамандарды дайындаудың құзыреттілігін арттыру» Erasmus + жобасында жүзеге асыру бойынша қаулысы әзірленді. Еуропаның үздік тәжірибелері мен технологияларын қолдануды іске асыру міндеті көзделіп отыр.
Вебинар нәтижелері болашақта онлайн курстарын дамытуға кеңінен мүмкіндік береді. Онлайн курстарда қолданылатын интерактивтік құралдар мен практикалық дағдылар нақты мамандарды қазіргі заманғы форматта оқытуға және біліктілігін жетілдіруге мүмкіндік бермек.
Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы
www.kaznu.kz