Жаңалықтар

Erasmus+ бағдарламасына 20 жыл

31.03.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультеті механика кафедрасының меңгерушісі, профессор Зауре Ракишева Польшаның AGH ғылыми-техникалық университетінде өткен Erasmus+ бағдарламасының әкімшілік қызметкерлеріне арналған алғашқы халықаралық апталығына қатысып қайтты.

Бұл іс-шараға әлемнің 9 елінен 12 университет мамандары қатысты. Олардың ішінде Токио университеті (Жапония), Сан-Диего университеті (АҚШ), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Қазақстан), Белград (Сербия), Ханой тау-кен өнеркәсібі университеті Геология (Вьетнам), Тирана университеті (Албания), Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті (Қазақстан) де бар. 

Біздің университет атынан механика - математика факультеті механика кафедрасының меңгерушісі профессор З.Б. Ракишева қатысты. 

Халықаралық апталық аясында шетелде білім алушыларға арналған көрме ұйымдастырылды. Аталған көрмеде З.Б. Ракишева Польша студенттерін біздің университетімізбен таныстырды. 

 

 Механика кафедрасы

 

 

 

 

 

 

www.kaznu.kz