Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Польшаның AGH ғылыми-техникалық университетінде өткен Erasmus+ бағдарламасының әкімшілік қызметкерлеріне арналған алғашқы халықаралық апталығына қатысты.
Бұл іс-шараға әлемнің 9 елінен 12 университет мамандары қатысты. Олардың ішінде Токио университеті (Жапония), Сан-Диего университеті (АҚШ), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Қазақстан), Белград (Сербия), Ханой тау-кен өнеркәсібі университеті Геология (Вьетнам), Тирана университеті (Албания), Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті (Қазақстан) де бар.
Біздің университет атынан механика - математика факультеті механика кафедрасының меңгерушісі профессор З.Б. Ракишева қатысты.
Халықаралық апталық аясында шетелде білім алушыларға арналған көрме ұйымдастырылды. Аталған көрмеде З.Б. Ракишева Польша студенттерін ҚазҰУ-дың қызметімен таныстырды.
Механика кафедрасы
www.kaznu.kz