ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде жаңадан тағайындалған Қазақстандағы Корея Республикасының Бас консулы Kim Heung-Soo мырзамен Елші сағаты өтті.
Кәрістердің ұлттық киімдерін киген бірінші курс суденттері құрметті қонақты кәрісше иіліп сәлем беріп, кәріс дәстүріне сай қарсы алды. Шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулдығы бірлесе ұйымдастырды.
Студенттер мен кафедра оқытушылары алдында «Қазақстан мен Корея арасындағы өзара ынтымақтастық» тақырыбында дәріс оқыған консул, екі ел арасындағы достық қарым-қатынас туралы нақты ақпараттармен бөлісіп, кәріс тілін жетік меңгерген студенттерге жоғары баға берді. Консулдың дәрісіне қызығушылық танытқан студенттер өздерін толғантқан мәселелер бойынша сұрақтарына жауап алды.
Дәріс соңында жаңадан тағайындалған Бас консул факультеттің қонақжайлылығына алғыс білдіріп, келешекте түсіністік пен ынтымақтастықта Бас консулдықтағы қызметін жалғастыратындығына сенім білдірді.
www.kaznu.kz