Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде педагогикалық практика шеңберінде саясаттану мамандығының 4 курс практикант-студенттері кураторлық сағатта Республикалық Қоғамдық «Еріктілер лигасы» фондының Төрағасы Ерниязова Айсұлу Әлімжановамен «Өзгелерге көмектескенің, өзіңе көмектескенің» атты кездесу өткізді.
Кездесу кезінде Айсұлу Әлімжанова балаларды Қазақстандағы еріктілер қозғалысымен таныстырды, түрлі қоғамдық-маңызды компанияларды жүргізу кезіндегі ҚФ «Еріктілер Лигасының» қызметі туралы айтып берді. Атап айтар болсақ керекті ақпараттарды тарату, қоғамдық акцияларды ұйымдастыру және дайындау, үйрету мен тағысын-тағы, адам өміріндегі еріктілік пайдасы туралы. Оқушылар еріктілер қозғалысына үлкен қызығушылық танытып, оған қосылуға өз ниетін білдірді. ҚФ «Еріктілер Лигасының» бір бөлшегіне айналып, адамдарға көмек қолын созып, осы әлемді мейірімділікке толтырғысы келгендерінің өзі бір ғанибет. Аталмыш кездесу студенттерімізді ерекше тәлім-тәрбиеге баулып, мейірімділікке шақурары анық.
Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы
www.kaznu.kz