Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетіне Оңтүстік Африка Республикасының бірінші президенті Нельсон Манделаның 100 жылдығына орай Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы, Түрікменстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Китумецки Сиипило Тэндк Мэтьюстің (H. Keitumetsi Seipelo Thandeka Matthews) бейресми сапары болды.
Елші ханыммен кездесу философия және саясаттану факультетінде 20-ғасырдың көрнекті басшыларының бірі, апартеид режиміне қарсы күрескен Нельсон Манделаға арналған аудиторияда өтті.
Мэтьюс ханым факультет деканы Масалимова А.Р., деканның оқу ісі және ғылыми жұмысы бойынша орынбасарлары, кафедра меңгерушілерімен кездесті. Кездесуге студенттер мен магистранттар да қатысты.
Кездесу барысында тараптар тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, сондай-ақ білім беру мекемелерінің деңгейінде де түрлі елдердің жастар арасындағы мәдениетаралық диалогты тереңдету туралы достық қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын талқылады.
Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы
www.kaznu.kz