4 қараша күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың басшылығымен арнайы жиында энергия қуатын пайдалану мәселелері талқыланды. Жиында энергия қуатының салалары бойынша бірлескен ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру, сондай-ақ отандық ғалымдардың осы салада туындайтын өзекті мәселелерді NATO-ның «Ғылым жолымен бейбітшілік орнату» және «Ғылым - болашақ кепілі» бағдарламалары аясында шешу жолдары қарастырылды. Аталмыш тақырыптар бойынша Гамбург техникалық университетінің Шығыс Еуропа бойынша үйлестіру орталығының (ГФР) жетекшісі Шаумбург Ханно мен NATO туралы ресурстық және ақпараттық орталығының директоры Құралай Байзақова баяндама жасады.
Жиынға мемлекеттің жетекші ғалымдары Д. Сүлеев, ҚР ҰҒА академигі Б. Мұқашев, Ұлттық инженерлік академияның вице-президенті А. Төлешов, ҚазҰУ-дың физика, механика-математика, биология және химия факультетінің ғалымдары, ҒЗИ басшылары мен қызметкерлері қатысты. Жиын барысында осы тақырып аясында арнайы зерттеу тобы құрылып, бірлескен ғылыми жобалар жасалады.
ҚазҰУ-дың ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент