10 сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының екі жылдығына арналған «Ұлы Дала мәдениетінің рәміздері, жәдігерлері және ескерткіштері» атты Халықаралық ғылыми конференция өтеді.
Іс-шараға XXI ғасыр болмысының мәдениеттану, дінтану, философиялық, әлеуметтік және саяси аспектілерін зерттейтін шетелдік және отандық зерттеушілер қатысады. Ғалымдар конференция аясында «Қоғамдық сананы жаңғырту үдерісіндегі символдық феномендер», «Қазіргі қазақстандық қоғамдағы адам санасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың, бұқаралық мәдениеттің, діни құндылықтардың әсері», «Жаһандану теориялары және олардың этникалық және ұлттық мәдениетке әсері», «Дала және таулар концепциясы», «Ұлы даланың өркениеттік үрдістерінің концепциясы», «Қазақстандағы мәдени туризм. Мәдениет диалогы, ұлттық код және Ұлы дала құндылықтары» және т.б. маңызды тақырыптарды назарға алып, қамтиды.
Конференцияның өткізілетін орны мен уақыты: Алматы қ., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Ғылыми кітапхана (408 конференц-зал, 4 қабат), басталуы сағ. 10.00-де.
www.kaznu.kz