2010 жылдың қыркүйек айының аяғы мен қараша айының басында бекітілген кесте бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің факультеттерінде университеттің Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаментінің ұйымдастыруымен университет кафедраларында және оқытушылардың тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі семинарлар өтті. Семинар факультет декандары, деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, эдвайзерлер, оқытушылар және жоғарыдағы аталған департамент қызметкерлері қатысуымен өтті.
Семинар факультет кафедраларының және оқытушылардың жаңа 2010-2011 оқу жылдарына арналған тәрбие жұмысын жоспарлауда қандай мәселелерге көңіл бөлу керектігі және жаңа оқу жылындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктерін талқыға салуды мақсат тұтты. Сонымен қатар, университетте жұмыс жасап жатқан әртүрлі студенттік ұйымдар, үйірмелер және басқа да ұйымдардың факультеттерде, кафедраларда тәрбие жұмысын жүзеге асыруда алатын орны және бұл ұйымдармен кафедра оқытушыларының байланысын, қарым-қатынасын күшейту көзделген.
Департамент директоры факультет декандарының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен дөңгелек үстел басында Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаменті тарапынан оқытушылардың және кафедралардың тәрбие жұмысына араласу белсенділігін, дәрежесін анықтайтын көрсеткіштер туралы мәселе көтеріп, жобасын талқыға ұсынды.
Қатысушылар мұндай семинардың әр оқу жылының өз ерекшелігін ескеріп, тәрбие жұмысының бағытын бағдарлауға үлкен көмегін тигізетіндігін, болашақта мұндай семинарлар өткізу қажеттігін үзбеу керектігін атап өтті.
Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаменті