Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың отандық білім беру бренді ретінде анықтайтын басты көрсеткіш - бұл түлектердің жоғары сұранысқа ие болуы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ біздің замандастарымыздың кәсіби жетістіктерін насихаттау мақсатында Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде алғаш рет үш томдық "Bіzdіń elıta – Наша элита" атты кітабын жарыққа шығарды. Жобада Ұлы тұлғалар туралы 671 қысқаша очерк келтірілген.
www.kaznu.kz