Жаңалықтар

«Қылмыстық саясатты ізгіліктендіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет аясында заңнаманы жетілдіру» конференциясы

15.11.2010

18 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті қылмыстық құқық және криминология кафедрасы «Қылмыстық саясатты ізгіліктендіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет аясында заңнаманы жетілдіру» атты жоғары оқу орындарының арасында студенттік конференциясын өткізеді.«Сыбайлас жемқорлықпен күресудің 2008-2010 жылдарына арналған жобаны қарастыру барысында, белгілі бір деңгейде республикада сыбайлас жемқорлықпен күресуге қарсы азаматтық қозғалыс туғызды. Қазақстан Республикасында саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру нәтижесінде жемқорлықпен күресу жолында зерттеу жүргізу, құқықтық мемлекеттің және азаматтық қоғамның институттарын нығайтуға бағытталған шаралар көбейді. Конференцияның басты мақсаты елде болып жатқан саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге студенттердің назарын аудару.

Мекен-жайымыз: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті, сағ. 10.00 (411 ауд.).

Байланыс телефондары: 87773287397, факс: 8-727-37773336 (ішкі телефон: 1259,1263), e-mail- Aigul.Bazilova@kaznu.kz

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі