Жаңалықтар

«Halloween» стиліндегі кеш

2-қар-10

1 қараша күні «Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы» кафедрасында «iClub.pd» атты жаңа клубтың ашылуына байланысты алғашқы салтанатты жиын өтті. «iClub.pd» - аудармашылар өмірінен хабар алатын аудармашы жастардың халықаралық клубы. Клубты филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.К. Тусупованың жетекшілігімен 2 курс студенттері Қайралапова С, Жалтармаева А, Джон Ы., Аязбаева А. ұйымдастырды. Клуб қазақша, орысша және шет тілінде сөйлейтін студенттердің шығармашылық потенциалының ашылуына, тілді игерудің тұрақты және позитивті қолдауларын қалыптастыруға, жаңа идеялар іздеуге, мақсаты бір жастардың өзара тәжірибе алмасуына септігін тигізеді.

Студенттерді клубқа тартудың бірден бір тәсілі – «Halloween» стиліндегі кіші-гірім кездесу өткізу. 2 курс студенттері осы мақсатта кешті Хэллоуин стиліндегі мейрам түрінде ұйымдастырды. Жүргізушілер костюмдер киіп, кеш символы болып табылатын «Джек-о-Лентернді» (шырағдан асқабақ) жақты. Студенттердің бірі арнайы костюмдер кисе, енді бірі тек мейкаппен шектелді. Ескі Кельт ойындары мен музыка осы мейрамның мәнін аша түсті.

Шараны ұйымдастырушылар кештің мәтижесінде өте риза болып, қонақтар жаңа клуб жөнінде өте жақсы әсер алып, мейрамға белсенді қатысқандары үшін сыйлық та алды.

Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы кафедрасы