Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жыл сайын "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып, заманауи қашықтықтан ақпараттық технологияларды қолдану арқылы әл-Фараби атындағы республикалық Олимпиадасы аяқталды.
Бірінші тур ақпан айының бірінші онкүндігінде өтсе, екінші тур наурыз айының басында откізілді. Күндізгі кезеңнің үшінші кезеңіне 4-6 сәуір аралығында 72 мектеп оқушы қатысты. Жарыстың барлық кезеңдерінде ұйымдастырушылар мен қатысушылар әл-Фараби олимпиадасының арнайы бекітілген ережесі мен барлық шарттарын сақтады.
Іс-шараның қорытындысы бойынша қазылар алқасы мүшелерінің ұжымдық шешімімен жеңімпаздар анықталып, оларға естелік сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.
www.kaznu.kz