- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Ректорлар ЖОО-дағы жемқорлық мәселелерін талқылайды
17.11.201018-қарашада сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы қ. жоо ректорлары жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарын талқылайтын болады. ЖОО ректорлары жұмыс барысындағы бас қосуда Қазақстан білім беру ісіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған қарсы күрес мәселелері тиянақты түрде қарастырылып, ЖОО арасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде тәжірибе алмасу мәселелері қарастырылады.
Тамыры тереңге кеткен жемқорлықтыңқоғамда зор алаңдаушылық тудыратыны белгілі. Жемқорлық деректеріне қазіргі уақытта еліміздің әрбір тұрғынының күнделікті кездесіп тұратынын ескерсек, синдром салдарының қаншалықты деңгейде екенін аңғару қиын емес. Сыбайлас жемқорлық – заң бұзушылықтың ең үлкен түрі.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Себебі, сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру мен тиімді инвестицияларды тарту секілді көптеген заманауи үдерістерді баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси әрі қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Елбасы Н.Ә. Назарбаев басты орынға қоғамдық топтардың жемқорлықпен күрес жүргізуін алға тартып, оның қандай да бір құбылыстары байқалған жағдайда көзін құрту керектігін айтты.
Жемқорлыққа қарсы күрес - Қазақстанның мемлекеттік саясатының маңызды басымдығы. Мұның өзі Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясында көрініс тапқан. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің деңгейі жөнінен посткеңестік кеңістікте алдыңғы орында келеді. Оған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын ТМД-да алғашқы болып Қазақстанның қабылдауы нақты мысал. Сондай-ақ, еліміздегі мемлекеттік қызмет, сот жүйесі, құқық қорғау органдары туралы заңнамалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы айқын бағытталған сипаттары бар.
Дегенмен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресталаптары қаншама күшейгенімен заңды айналып өтудің түрлі айла-шарғылары да сан құбылып өзгеріп келеді. Бір сөзбен айтқанда заң талабы түзу болғанымен,оның тетіктері қоғамда әрқашан да терең ойластырылып, жаңғыртылып отыруды қажет етеді. Бұл тарапта заңгерлердің әрекеті мәселені толыққанды шешуде аздық етеді. Осындай ылғи жетілдіріп отыруға тиіс салалардың бірі – жоғарғы оқу орындарындағы білім беру ісі. Қазірде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тікелей ұйытқы болуымен елімізде 2011 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі екінші мемлекеттік бағдарлама дәйектілікпен іске асырылмақ.
Жұмыс аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Д.Серікбаев атындағы ШМТУ-да жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу барысында жинақталған тәжірибелерді талқылап, соның негізінде нақты шешімдер қабылданатын болады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі