Жаңалықтар

Маңызды саяси шешім

23.04.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Nur Otan партиясының Мемлекет басшылығына үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бекіту жөніндегі шешіміне пікір білдірді.

Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде барлық қазақстандық қоғам үшін маңызды саяси шешім қабылданды. Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бекіту – халықтық мүддеге сай келеді және Елбасы айқындаған ел дамуы стратегиялық бағытының сабақтастығын қамтамасыз етеді», - деп атады ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов.  

Бұл Ұлт көшбасшысының зор сенімі және үлкен жауапкершілік. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тұңғыш Президентпен тәуелсіз Қазақстанды құру бастауынан бірге келе жатыр және елімізді халықаралық аренада танытып келеді. Ол ең жоғары мемлекеттік деңгейдегі басшылық қасиеттердің барлығын меңгерген. Оның тәжірибесі мол, Үкіметті, Сыртқы істер министрлігін, ҚР Парламент Сенатын басқарды, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары болды. Маңызды мемлекеттік реформалар мен даму бағдарламаларын іске асыруға тікелей қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы Мемлекет басшылығына үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын белсенді қолдайды. Оқытушылар мен студенттер кезектен тыс Президент сайлауына қызу қатыса отырып еліміздің болашақ өркендеуі жолына таңдауларын жасап, өздерінің жауапты азаматтық позицияларын танытады», - дейді ҚазҰУ ректоры.

www.kaznu.kz