Жаңалықтар

Заңгерлер бас қосты

18.11.2010

10 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің ұйымдастыруымен «2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелерін жүзеге асыруға байланысты құқық қорғау органдары мен сот қызметін оңтайландыру мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға заң факультетінің деканы Дәулет Байделдінов, ҚазҰУ профессоры Есберген Алауханов, ҚР Бас прокуратурасы Институтының директоры Сарқытбек Молдабаев, Сот қаулылары мен атқарушылық өндірістің заңдылығын прокурорлық қадағалау бөлімінің бастығы Галина Машухова, Алматы қаласының жетекші адвокаты Геннадий Нам, студенттер мен оқытушылар қатысты.

Жиын аясында сот – құқықтық реформаның негізгі бағыттары, құқық қорғау органдарын және соттарды басқару тиімділігі, құқық қорғау органдары мен сот қызметінің жұмысын бағалау, реттеуші заңнамалық нормаларды жетілдіру, адвокаттық мәртебенің теориясы және тәжірибесі, ҚР-ғы адам құқығының жағдайы және т.б. тақырыптарда баяндама жасалды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі