19-21 қараша күндері сағ. 9.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ТЕМПУС жобасы бойынша «Орта Азиядағы сапа мен аккредитация кепілдемесінің жүйесі» (CANQA) атты халықаралық конференция өтеді. Шараны «EdNet» қауымдастығы мен ТЕМПУС ұлттық кеңсесі ұйымдастырып отыр. Оған Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасының Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері, жобаның ішкі және сыртқы сарапшылары мен Франция, Бельгия, Финляндия, Польша, Испанияның еуропалық мамандары қатысады.
Конференцияда екі жыл бойы жинақталған тәжірибелер талқыланып, келесі жылға жоспар құрылатын болады.
Жиын аясында талқыланатын мәселелер:
- Еуропалық аккредитация агенттіктерінің жұмысы, өзекті мәселелері және тенденциялары;
- Орта Азиядағы сапа мен аккредитация кепілдемесінің ұлттық саясаты және тәжірибесі;
- Орта Азиядағы сапа және аккредитация жұмысының кепілдігі жөнінде ұлттық орталықтар мен Орта Азиядағы сапа кепілдемесінің жүйесін құру(CANQA).
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі