Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Дубай қаласында QS Maple 2019 атты университеттердің ірі халықаралық конференциясы мен көрмесіне қатысты.
28 мемлекеттің танымал университеттері өкілдерінің басын қосқан «Таяу Шығыс пен Африкадағы зерттеулерді дамытуға қолғабыс ету» халықаралық конференциясы Таяу Шығыстағы және Африка құрлығындағы ғылымды дамытуға арналған.
ҚазҰУ бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев «ЖОО-ның Ұлы Жібек жолындағы ынтымақтастығы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үлгісі» тақырыбында баяндама жасады. Ол жаңа Жібек Жолы елдерінің серіктес жоғары оқу орындарымен халықаралық жобалар мен зерттеулерді жүзеге асыру бойынша жетекші қазақстандық университеттің тәжірибесін ұсынды. Сондай-ақ ол 2019 жылдың 19-20 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтетін QS Worldwide-2019 университтердің дүниежүзілік форумы мен көрмесіне қатысуға шақырды.
Бірінші проректор «Жаһандық биіктікке жету жолдары: адамзат мұрасы мен озық технологиялардың үйлесімі» атты алдағы үшінші форум ғылыми-техникалық және рухани-адамгершілік ұғымдардың бірлігі негізінде әлемдік азаматтарды қалыптастыру мәселелеріне арналады деп атап өтті.
www.kaznu.kz