- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Қытайдағы COMSATS мәжілісі
06.05.2019Тяньцзин Өнеркәсіптік биотехнология институтында (ҚХР) COMSATS Үйлестіру кеңесінің 22-ші отырысы өтті.
Отырыс жұмысына 40-тан астам белгілі шетелдік сарапшылар, ғалымдар «COMSATS» мүше елдердің ғылыми-зерттеу орталықтары, жоғары оқу орындарының басшылары, Қытайдың ғылым және технология министрлігінің (MOST), Қытай ғылым академиясының (CAS), сондай-ақ Тяньцзинь қаласындағы муниципалитеттің өкілдері қатысты. Атап өту керек, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ COMSATS-қа мүше болып табылатын ТМД аумағындағы жалғыз ЖОО. (Оңтүстікте тұрақты даму үшін ғылым мен технология бойынша комиссия).
ҚазҰУ-дың ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Тлекқабыл Рамазанов Оңтүстік-Оңтүстік және үшжақты ынтымақтастық бойынша университеттің қызметі туралы баяндама жасаап, озық орталықтармен бірлескен жұмыс қорытындысы және алдағы жоспарлар жайлы айтты.
COMSATS үйлестіру кеңесінде климаттың өзгеруі және оның теріс салдары мәселелері талқыланды. Ғалымдар мамандарды даярлау және одан әрі оқыту, CAS, PIFI, UCAS стипендиялық бағдарламалары аясында орталық базасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін ерекше атап өтті.
Отырыста профессор, доктор Ашраф Шааланды (Египет) Үйлестіру кеңесінің құрметті өмірлік мүшесі етіп тағайындау және оны Үйлестіру кеңесінің төрағасы жаңа үш жылдық мерзімге қайта сайлау туралы шешім қабылданды.
Отырыс барысында Кеңес мүшелерімен 22 алдыңғы қатарлы жетістіктер орталықтарының 11-інде ашылған Климат және тұрақтылықты басқарудың COMSATS орталығын құруда қол жеткізілген прогресті қанағаттанушылықпен атап өтті.
Атап өту керек, 2018 жылдың қараша айында ҚазҰУ базасында CCCS орталығын ашу туралы шешім қабылданды. ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультеті деканының орынбасары Дана Шоқпарованың баяндамасы барысында орталық қызметінің нәтижелері, ынтымақтастық мүмкіндіктері және сайт таныстырылды.Кеңесте Йемен Республикасын COMSATS-қа мүше 27 мемлекет ретінде қабылдаған коммюнике жарияланды.
Кездесуге қатысушылар Қытай Ғылым Академиясының Тяньцзин Өнеркәсіптік биотехнология институтының зертханасына барды. Аталған ұйым инжиниринг және биотехнологиялар саласындағы озық жобалардың бірі болып табылады. Үйлестіру кеңесінің келесі 23-ші отырысын (Пәкістан), Қараши қаласындағы химия және биология ғылымдарының халықаралық орталығы ұйымдастырады.