Жақында география факультетінде туризм кафедрасының ұйымдастыруымен Швейцарияның қонақ үйі және туристік менеджменті институтының HTMi білім беру бағдарламаларының презинтациясы өтті. Аталмыш факультеттің студенттері, магистранттары мен оқытушылары HTMi-нің қазақстандағы ресми өкілі Ирина Вольскаямен кездесті. Институт өкілі Швейцариядағы туристік білім беру жүйесі туралы, HTMi ынтымақтастығы мен академиялық мобильділік қағидаларын іске асыру мүмкіндігі жөнінде, жеке білім беру моделдері туралы әнгімеледі. Ағылшын тілінде өткен дәріс бейне көріністермен, слайд-шоулармен, ақпараттық буклеттермен жабдықталды. Дәріс соңында жиналған қауым тарапынан қойылған сұрақтарға толық түрде жазбаша жауап берілді.
Кездесу қатысушыларына кафедра меңгерушісі А.М. Артемьев HTMi-дің «Болашақ» бағдарламасына қосылу іс-әрекеті және өзара түсінушілік туралы меморандумына қол қоюмен қатар Швейцариядағы туристік білім беру бойынша серіктестермен ыңтымақтастықта келісім жасау жөнінде ақпарат жеткізді.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі