Жаңалықтар

ҚазҰУ ММУ-да қонақта болып қайтты

26-қар-10

М.В. Ломоносов атындағы ММУ-да Халықаралық студенттік ұйымдар бірлестігінің V съезі және Гаудеамус жастар фестивалі өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жастар комитетінің жетекшісі Назира Болдурукова аталмыш шараға қатысып, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын заң негізінде реттеу» тақырыбында баяндама жасады. Кездесу барысында ҚазҰУ өкілі Халықаралық студенттік ұйымдар бірлестігінің басқарушы орталығына мүше болып сайланды.

Жастар комитеті ұйымы