Жаңалықтар

ҚазҰУ-да студенттердің ғылыми жұмыстары бойынша байқау өтеді

29-қар-10

1 желтоқсан күні ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде жалпы және этникалық педагогика кафедрасының 70 жылдық мерейтойы аясында студенттердің ғылыми жұмыстары бойынша байқау өтеді. Байқауды жалпы және этникалық педагогика кафедрасының аясында құрылған «ЛОГОС» студенттік ғылыми қоғамы ұйымдастырып отыр.

Қоғамда «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық жобасы негізінде бірінші орынға интеллектуалды мүмкіндікті қою, қоғам дамуының ғылым мен білім саласын дамытуда ғылыми бағытқа ерекше көңіл бөлінуде.

Университетте еркін ғылыми ізденіс атмосферасын құру, ғылыми ойлар, пікірлер мен шешімдер сайысы – ҒЗЖ және СҒЗЖ жүйесіндегі зерттеу жұмыстарының негізгі ұстанымы болып табылады. Жоғары мектептегі іргелі зерттеу жұмыстары жаңа әрі күрделі құрылым «СҒЗЖ – ЖОО ғылымды» анықтау керек.

Ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруда қабілетті әрі талантты студенттердің назарын аудару, олардың ғылыми шығармашылығын дамыту мен кемелдендіру, интеллектуалды мүмкіндігін дамыту мақсатында байқау ұйымдастырылмақшы.

Студенттердің ғылыми еңбектері бойынша өтетін байқау жоғары оқу орданың демократиялық сипаттамасы, әрі өсіп келе жатқан ұрпақтан интеллектуалды ұлт қалыптастырудың бірден бір жолы.

Байқау талаптары бойынша еркін ғылыми зерттеу ортасын құру үшін ғылыми ой-пікір айтатын сайыстарды жиі өткізу; студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын кафедра жұмысымен байланыстыру; студенттердің жеке және ұжымдық шығармашылық іс-әрекетін дамыту; студент жастардың ғылыми жетістіктерін тәжірибемен ұштастыру.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі