Жаңалықтар

Ынтымақтастықтың жаңа белесі

20.05.2019

 Әл-Фараби атындағы ҚaзҰУ  Қытай Ғылым Академиясының академиктерімен кездесті.         

«Дәрілік өсімдіктердің орталығының» шақыруымен әл-Фараби атындағы Қaзaқ Ұлттық Университетіне Қытай Халық Республикасының делегациясы келді. Yue JIAN - MIN (Shanghai Institute of Materia Medica, Institute, Chinese Academy of Sciences, China), AJIAIKEBAIER AISA (Xinjiang Technical Institute of Physics and Chemistry, Chinese Academy of Sciences), TU YONG - QIANG (Lanzhou University, China), Қытай ғылым Академиясының академиктерін ҚазҰУ-дың бірінші проректорі  М.Бүркітбаев, химия және химиялық технология факультетінің деканы С.Ташибеков, биология және биотехнология факультетінің деканы Б.Заядан, «Дәрілік өсімдіктер орталығының» директоры Жеңіс Жанар, органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының меңгерушісі Г.Мун қарсы алды.

Кездесу барысында «Дәрілік өсімдіктер орталығымен» болашақ ынтымақтастық мәселесі талқыланды. Қытайдан инвестиция бөліну арқылы ғылыми-білім беру орталығын құру туралы шешім қабылданды. Орталықтың халықаралық жобаларды іске асыруына ат салысуы туралы шешім қабылданды. Бірінші проректор М.Бүркітбаев жаңа ғылыми-білім беру орталығының ашылу мерзімін 2019 жылдың қазан айына белгіледі. Сонымен қатар, табиғи қосылыстар химиясы саласындағы әлемнің жетекші ғалымдарының қатысуымен халықаралық конференция өткізу туралы шешім қабылданды.

Жиналыстан кейін Академик Yue JIAN - MIN химия және химиялық технология факультетінде «Дәрілік өсімдіктерден алынған табиғи өнімдердің химиясы және биоактивтілігі» атты дәріс оқыды.

www.kaznu.kz