Жаңалықтар

ҚазҰУ меценаттарды құрметтейді

27.05.2019

Түлектердің II Форумында университетпен байланысты қолдап қана қоймай, туған альма-матерге демеушілік көмек көрсететін меценаттарды марапаттау рәсімі өтті.

«ҚазҰУ меценаты» сертификаттары механика-математика факультетінің түлегі Асылбек Қожахметовқа, журналистика факультетінің түлегі Арманжан Байтасовқа, химия факультетінің түлегі Әбдірасул Жарменов пен Зелина Катрановаға берілді.

Меценаттар атынан «Astana Group» компаниясының президенті, биология факультетінің түлегі Нұрлан Смағұлов сөз сөйледі.

«Мен үшін ҚазМУ-да оқу өмірімдегі өте маңызды кезең болды, дәл осы жерде мен жаңа достарды кездестірдім, іргелі білім алдым, жауапкершілікті өз мойныма алуға үйрендім, пікірдің нақтылығы мен бағалаудың объективтілігі деген не екенін түсіндім. Бұл біздің альма-матер, негізгі біліммен ғана емес, сонымен қатар шешім қабылдауға, жұмыс істеуге, өзін және басқаларды құрметтеуге, айналада болып жатқан нәрсеге немқұрайлы қарамауға үйрететін ұлы өмір мектебі. Сондықтан да, біздің университет еліміздің басты оқу орны болып қала береді, оның негізінде барлық жаңалықтарға ашықтық, еңбекқорлық және жоғары жауапкершілік. Біз альма-матерімізге әрдайым көмектесіп, қолдау көрсетеміз!» - деп атап өтті ол.

  «Эндаумент – ҚазҰУ-дың даму қоры» жобасының идеясын алғаш рет ректор Ғалым Мұтанов айтып, 2014 жылы Түлектер қауымдастығының президенті, ҚР КК төрағасы Қайрат Мәми қолдады. Бес жыл ішінде жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды, шамамен 700 млн теңге дарынды студенттерді қолдау үшін шәкіртақы түрінде берілді.

Мәселен, химия факультетінің түлегі Әбдірасул Жарменов «Қазақстандық қорытпа» патентінің 1% мөлшерінде оның барлық жұмыс атқару мерзіміне қайырымдылық шартын жасады. Сонымен қатар, химия факультетінің түлегі Зелина Катранова «Мәңгілік ел» триумфалды аркасын салу меценаты және студенттерге 750 000 теңге көлемінде шәкіртақыға демеушісі болып табылады. Студенттер Интернет орталығына 100-ге жуық дербес компьютер, өзі оқыған факультетке үш интерактивті трибуналарды биология факультетінің түлегі, «Astana Group» президенті Нұрлан Смағұловтың сыйлығы. Эндаумент қорына 1 млн. теңге көлеміндегі алғашқы үлесін журналистика факультетінің түлегі Арманжан Байтасовта қосты.

Екі миллион теңге – тарих факультетінің түлектері Байқадам Абласанов пен Мұрат Иманқұловтың демеушілік көмегі. Рима Джансараева жыл сайын 500000 теңге көлемінде аз қамтылған отбасылардың студенттеріне арналған бірнеше шәкіртақының құрылтайшысы болып табылады, сондай-ақ ол криминалистикалық зертханалар үшін жабдықтар сатып алуға және полигондарды жарақтандыруға 9 млн. теңге көлемінде көмек көрсетті. Бұл альма-матерге өз ризашылықтарын білдірген түлектердің толық тізімі емес.

Эндаумент-қордың қаражаты студенттерді, магистранттарды және докторанттарды қолдауға, ғылыми жобаларды жүзеге асыруға бағытталған, бұл университеттің мәртебесі мен рейтингісін арттыруға, ҚазҰУ-дың халықаралық білім беру орталығы ретінде дамуына ықпал етеді. Эндаумент-қорлар әлемдік рейтингтерде жоғары позицияларды қамтамасыз ете отырып, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында кеңінен таралған. АҚШ пен Еуропада қорлардың өмір сүру тарихы шамамен 500 жыл, Ресейде – 7 жыл, Қазақстанда бұл тәжірибе жақында ғана дамыды. Бұл тұрғыда ҚазҰУ-дың үлгісі жоғары оқу орындары үшін үлгі болып табылады.

www.kaznu.kz