Жаңалықтар

ҚазҰУ-дың «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапаттау

27.05.2019

II Түлектер форумы аясында университетіміздің аты аңызға айналған түлектері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталды.  

Награданы жазушы, ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, 1969 жылғы түлек, Еуразия гуманитарлық институтының ректоры Амангелді Кұсайынов, қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері Рахман Алшанов, «Еуразия» бірінші арнасының бас директоры Сергей Киселев, «Білімді ел» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Ләззат Түркестановалар иеленді.

«Мен Қазақстанның ең үздік ЖОО-ның түлегі болғанымды мақтан тұтамын. Альма-матер құрылған сәттен бастап дарынды мамандарды жинады.1954 жылы біздің оқуға түскен сәтіміз әлі есімде. Сол кезде бізді ұлты қазақ талапкерлерді геологиялық барлау факультетіне шақырды. Бізге үштік баға алсаңдар да геолог мамандығын алып алып шығасыңдар деді. Бірақ мен сынақты үштіксіз барлығынан бестік, тек бір ғана төрттік алғанмын. 1954-1959 жылдардағы геолог-түлектер біздің тәуелсіз республикамызға қолдау көрсетіп отырған байлықты құрды. Барлық мұнай, металл және басқа да кен орындарын ҚазҰУ түлектері зерттеді. Мен оған өте қуаныштымын және оларға осы баға жетпес үлес үшін алғыс айтамын», – деді Олжас Сүлейменов.

www.kaznu.kz