Жаңалықтар

ҚазҰУ X жазғы Универсиадасының Чемпионы атанды

27.05.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аралық нәтижелер бойынша мерзімнен бұрын Х жазғы мерейтойлық Универсиада – 2019 чемпионы атанды.

Университет спортшылары 3 сәуірден бастау алып 10 маусымда аяқталатын жарыста керемет нәтижелер көрсетуде. Жалпы командалық есепте олар Қазақстанның 60 жоғары оқу орнын басып озып, алға шықты.

Универсиадада барлығы 37 спорт түрі ұсынылған, ҚазҰУ студенттері солардың ішінде 30-ға жуық түріне қатысады. Бүгінгі таңда ЖОО қоржынында 12 алтын, 6 күміс және 3 жалпыкомандалық қола медаль бар. Жарыстың соңына дейін спортшыларымыз спорттың тағы 9  түрінен жоғары марапатқа ие болмақ.

www.kaznu.kz