Жаңалықтар

ҚазҰУ-дің Францияның Lille 1 университетімен PhD докторантура бойынша ортақ жобалары

03.12.2010

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ін Франциямен білім саласында бұрыннан бері қалыптасқан тұрақты серіктестік қарым-қатынастар байланыстырады. Университеттің Халықаралық ынтымақтастық департаменті тарапынан Қазақстандағы Франция Елшілігінің қолдауымен университеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен оқушыларына арналған ақпараттық күндер, түрлі кездесулер және презентациялардың үнемі өткізіліп тұруы жақсы дәстүрге айналды.

Осындай кездесулердің бірі 2010 жылғы 30 қарашада журналистика факультетінің ғимаратында өткізілді. Бұл оқиғаның ерекше маңыздылығы біздің университетке Lille 1 университетінің Халықаралық байланыстар департаментінің Директоры (Франция), профессор Франсуа-Оливье Сейс мырзаның, сонымен бірге осы кездесуді ұйымдастырудың бастамашысы болып табылған ҚазҰУ-дің жиі қонағы Қазақстан Республикасындағы Франция Елшілігінің университеттік ынтымақтастық бойынша атташесі Ноэми Ларуй ханымның келуіне байланысты. Кездесудің мақсаты – PhD докторантура шеңберінде оқытудың «Білім және ғылым», «Ғылым және технология», «Экономика және менеджмент», «Әлеуметтік ғылымдар» бағыттары бойынша екі диплом, яғни ҚазҰУ мен Lille 1 университетінің дипломдарын беруді көздейтін ортақ оқыту бағдарламаларын құруға байланысты мәселелерді талқылау болып табылады.

Кездесу барысында профессор Франсуа-Оливье Сейс ҚазҰУ-дің басшылары, сондай-ақ оқытушылар мен PhD докторанттарға Lille 1 университеті туралы қысқаша презентация жасады және де өзі таныстырып отырған университеттің Франция жоғары оқу орындары рейтингісінде екінші орынды алатыны туралы, сонымен бірге университеттің серіктестікті дамытуға деген зор қызығушылығын атап өтті. «Lille 1 университетінің халықаралық ынтымақтастықты дамыту стратегиясында Қазақстанға аса үлкен маңыздылық беріледі және университет ҚазҰУ университетімен бірлесіп магистранттар мен докторанттарды оқытуға дайын, ал әл-Фараби атындағы университеттің білім сапасы барлық қажетті стандарттарға сай келеді», - деп ерекше атап өтті профессор. Профессор ұсынған жобаға сәйкес, ҚазҰУ-дің докторантына екі ғылыми жетекші тағайындалуы тиіс: ҚазҰУ-ден және Lille 1 университетінен. Докторант өзінің alma-mater-інде, сондай-ақ Францияда оқуы тиіс. Франция жоғары оқу орнында өткізілетін дәрістер мен ғылыми жетекшілік студенттің таңдауы бойынша ағылшын, неміс, голландық тілінде немесе француз тілдерінде жүргізілуі мүмкін. Бұл мәлімет неміс және ағылшын тілдерін білетін ҚазҰУ докторанттарымен оң қабылданды. Ортақ бағдарлама бойынша оқытудың нәтижесі докторантпен қорғалатын диссертациялық жұмыс және екі университет тарапынан өзара танылатын дипломдарды беру болып табылады. ҚазҰУ студенттері үшін бұл ерекше өзекті болып табылады, ендігі ретте студенттер бір мезгілде отандық және еуропалық білім алудың жаңа бір мүмкіндігіне ие болды.

Лилль 1 университеті ғылым және техника, инжинерлік, қоғамдық және әлеуметтік ғылымдар, экономика және басқару бағыттары бойынша мамандықтардың сан алуан түрін ұсынатын Францияның ірі ғылыми университеттерінің бірі. Университет үлкен ғылыми әлеует және ғылыми-зерттеу жұмыстарына бірегей мүмкіндіктерге ие. Университет қабырғасында 18000-нан аса студент оқиды, оның 20 пайызы шетел студенттерінен тұрады. Оқытушы-профессорлар құрамы 1400-дан аса адам адамнан тұрады. Сонымен қатар университет базасында 40 зерттеу орталығы жұмыс істейді.

Қазіргі күні Франция мемлекетінде екі дипломдық тәжірибенің дамуына ерекше назар аударылуда. Дәл осы кооперацияның түрі, еуропалық жоғары оқу орындарының шетел мемлекеттері жоғары оқу орындарымен ынтымақтасуының жетекші түрі болып табылады. Екі дипломдық бірлескен бағдарламаның жасалуы біздің мемлекеттеріміздің арасындағы университетаралық ынтымақтастықты жаңа сапалы деңгейге шығарумен қатар еркін академиялық ортаның пайда болуы мен академиялық мобильдіктің ұлғайуына әкелетіні сөзсіз.

Кездесу жылы шырайлы, достастық және еркін жағдайда өтті. Бір мезгілде орыс, француз және ағылшын тілдері естілді. Төрт жыл бойы Қазақстандағы Француз Елшілігінде қызмет атқарған профессор Сейс Францияның академиялық ортасына тән әдетте, яғни неғұрлым сұрақ көп болса, соғұрлым нәтиже жақсы деген тұжырымға сәйкес студенттермен орыс және қазақ тілдерінде сұхбаттасты. Кездесу соңында Ларуй ханым ҚазҰУ студенттері мен оқытушыларының Францияда білім алу мүмкіндіктері мен ерекшеліктері туралы алуан түрлі сұрақтарына жауап берді.

Халықаралық ынтымақтастық департаменті