Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподақ ұйымы балаларды қорғау күніне орай мерекелік шаралар ұйымдастырды.
Жаздың бірінші күні әскери кафедра түрлі-түсті баннерлер, әуе шарлары, жалаушалар және көздің жауын алатын әртүрлі гүлдермен безендірілді. Мерекелік шараны ҚазҰУ-дың әскери кафедрасының бастығы полковник Олег Ажимов пен «Парасат» кәсіподағының төрағасы Талғат Мекебаев ашты.
Студенттер кішкентай бүлдіршіндердің алдында қызықты концерттік бағдарламаға сәйкес ән шырқап, әзіл-сықаққа толы нөмірлер ұсынылды. Салтанатты шараның сән-салтанаты аниматорлардың ғажайып әлемі туралы қойылымы болды.
Балаларға «Асфальтта сурет салу», «Мерген атқыш», «Ертегіні тап» атты қызықты сайыстар ұйымдастырылды. Интерактивті лазерлік тирде түрлі атыс қаруынан ату мүмкіндігі көрсетілді. Қару үлгілерінің көрмесі, атқыш-зенитшылар мен ЖӘЖМ жүргізушілері механиктерінің жаттығулары қонақтарға үлкен қызығушылық тудырды. Бұл күні ешкім сыйлықсыз қалмай, әр қатысушыға мақтау қағаз бен естелік сыйлық тапсырылды.
Мереке Студенттер сарайында жалғасты. Мұнда балалар нағыз ертегілер әлеміне енді. «Тірі қалған ойыншықтар» интерактивті қойылымы ешкімді бей-жай қалдырмады. Спектакль кейіпкерлерімен бірге жас көрермендер барлық оқиғаларды бастан кешіргендей әсер алып, би билеп, ән шырқап, қошемет көрсетті. Мереке биология және биотехнология факультетінің зоологиялық мұражайы мен кітапханаға экскурсия жасаумен аяқталды.
www.kaznu.kz