Жаңалықтар

БҰҰ-ның V Халықаралық симпозиумы өтті

03.06.2019

Жақында Нұр-Cұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылған бітімгершілік үшін технологиялардағы серіктестік жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының V Халықаралық симпозиумы өтті.

Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның бітімгершілік қызметін жүзеге асыруды жақсарту, технологиялық шешімдер енгізу жөніндегі мәселелер талқылау алаңына айналды. Симпозиум аясында озық ғылыми-техникалық базаны, перспективалы технологиялар мен инновацияны құру тәжірибесі бар ҚазҰУ бітімгершілік қызметіндегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған өзінің инновациялық әзірлемелерін ұсынды.

Симпозиумға қатысушыларға жерді қашықтықтан зондтаудың халықаралық интеграцияланған жүйесін құру, виртуалды нақтылық технологиясын қолдана отырып, әскери-тактикалық атыс жаттығу кешенін құру, функционалдық ақуызды субстанциялар негізінде әскери қызметшілердің тамақтануына арналған арнайы өнімдерді әзірлеу, қорғаныс техникасы үшін жаңа сандық модульдерді және наноматериалдар негізінде әртүрлі датчиктерді әзірлеу және енгізу бойынша жобалар көрсетілді.

Симпозиумның жалпы жиналысында ҚазҰУ-дың «Ғылыми-технологиялық паркінің» директоры Әмірхан Темірбаев кіші спутниктерді, атап айтқанда бітімгершілік міндеттерді шешу үшін наноспутниктерді қолдану мүмкіндіктері туралы баяндама жасады. Ол алғаш рет БҰҰ-ның наноспутниктерінің спутниктік тобын құру туралы идеясын жариялады.

Бұл ұсынысты БҰҰ-ның өкілдерімен қатар, Еуропалық ғарыш агенттігінің өкілдері бірауыздан қабылдады. Шетелдік қонақтардың атап өтуінше, наноспутниктер көптеген функционалдық технологиялық шешімдерді көрсету және сол уақытта олардың салынуының арзандауы, сондай-ақ аз уақыттың шығындары есебінен үлкен танымалдыққа ие болады. Қазіргі уақытта Еуропалық ғарыш агенттігінде наноспутниктердің қызметі бойынша жеке комиссия құру туралы мәселе жүріп жатыр.

Наноспутниктер желісін құру туралы Big Data Analysis and Enhancing Military-Peacekeeping Intelligence Practices Utilizing Technology тақырыбы бойынша жұмыс тобының кезекті отырысында талқыланды. БҰҰ-ның жедел қамтамасыз ету бөлімінің технологиялық операциялар қызметінің геокеңістіктік ақпарат бөлімінің бастығы Kyoung-Soo Eom мұндай желіні құру мүмкіндігі әбден мүмкін деп ерекше атап өтті. Спутниктерден алынған деректер бітімгершілік операциялары барысында шешімдер қабылдау кезінде қажетті және нақты уақыт режимінде ақпарат алу үшін БҰҰ-ның наноспутниктер желісін құру өзекті болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының өкілдері, сондай-ақ БҰҰ-ның жедел қамтамасыз ету бөлімінің өкілдері осы мәселе бойынша жұмыс тобын құру туралы келіссөздер жүргізуде.

www.kaznu.kz

 

 

 

 on this issue.