Жаңалықтар

Еуразиялық комиссияның министрі Татьяна Валоваяның ҚазҰУ-ға сапары

04.06.2019

Әл-Фараби атындағы Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика бойынша алқа мүшесі Татьяна Валоваяның ашық дәрісі өтті.  

Құрметті қонақтың сапары университет студенттері мен оқытушылары үшін өте қызықты, 20 жылдан астам интеграциялық тәжірибемен – посткеңестік кеңістікте еуразиялық интеграцияны ілгерлетумен айналысудағы тәжірибесімен бөлісті.

ҚазҰУ –дың студенттері және оқытушыларымен өткен кездесу екі мерейтойлық күндерге – Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қоюдың бес жылдығына және Елбасы идеясы ұсынылған еуразиялық жобаның 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың ММУ-де 1994 жылы сөйлеген сөзі ауқымды мемлекетаралық жобаны іске асырудың бастапқы нүктесі болып табылады және ол уақыт үшін принципті жаңа интеграциялық парадигмадан тұрды: экономика мен қорғанысқа баса назар аудара отырып, Еуразиялық одақ құру болып табылады. ЕЭО - да айтарлықтай табыстар бар, дегенменде бірқатар шешілмеген мәселелерге байланысты одан әрі даму үшін шектеулер бар. Осы және өзге де шешу жолдары және Еуразиялық экономикалық одақтың даму перспективалары туралы Татьяна Валоваяның ашық дәрісінде кеңінен талқыланды.

Татьяна Валовая белгілі экономист, 2012 жылдан бастап ЕАЭО аясындағы интеграцияның негізгі бағыттары бойынша алқа мүшесі (министр) қызметінде. Ол халықаралық байланыстар мен халықаралық ұйымдарды белгілеу, Одақ пен үшінші елдер арасында еркін сауда аймақтарын құру туралы келісімдер жасау аясында қызмет етеді. ЕАЭО қызметінің әртүрлі бағыт-бағдары туралы дәріс Халықаралық қатынастар факультетінің тыңдаушыларына өте қызықты болды. Тиісті келіссөздер жүргізу үшін тұрақты түрде шетелдік сапарлар орындалып, халықаралық деңгейдегі конференциялар өткізіліп, ЕЭК және ЕАЭО дамуының ағымдағы және перспективалық кезеңдері бойынша ресми пікірлер айтылып, күнтәртібіндегі маңызды мәселелер талықынып тұрады.

Қазақстанға Татьяна Валовая қонақ ретінде үнемі келіп тұрады. Оның ҚазҰУ-ға сапары Алматыда XVI Еуразиялық Медиа форум аясында ұйымдастырылды. Бұған дейін ол Еуразиялық экономикалық форумда Нұр-Сұлтан қаласында сөз сөйлеген болатын.

 

www.kaznu.kz