- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Сенімді серіктестік
17.06.2019Тарих ғылымдарының докторы, Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры, РНИЦ директоры, ҚР ҰҒА құрметті академигі Қалқаман Жұмағұлов "Ұлы Даланың тарихы мен мәдениеті" мемлекеттік бағдарламасы аясында Рим (Италия) қаласында іскерлік сапармен болып қайтты.
Сапар барысында профессор Сирек кездесетін деректерге, оның ішінде құпия мұрағаттық материалдармен жұмыс істеуге үлкен назар аударды. Олар Дешті Қыпшақ, Алтын Орда тарихы, Ұлы Жібек жолындағы Батыс пен Шығыстың бірігуі бойынша жаңа деректерді анықтады. Атап айтар болсақ Рим папалары, моңғол билеушілері, Алтын Орда хандары, Персия аумағындағы ильханов хаттары. Латын тіліндегі бұл сирек кездесетін манускриптар Қазақстан, Түркі әлемі және Орталық Азия тарихына жаңа тыныс беруі мүмкін.
La Sapienza Universita di Roma университетінің тарих, антропология және дін департаментінде Fabio Grassi және Gaetano Lettieri профессорларымен бірге Қазақстан мен Италияның жоғары оқу орындары арасында 2015 жылдан бастап жұмыс істейтін қос дипломның халықаралық бағдарламасы бойынша магистрлер мен студенттерді практикалық даярлау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ академиялық ұтқырлықты кеңейту бойынша алдағы қадамдарға байланысты, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің халықаралық конференциялар мен ғылыми тағылымдамаларға қатысу мәселелері қарастырылды.
Кездесу барысында Қалқаман Жұмағұлов Орталық Азия мен Қазақстанның ерте және орта ғасырлық тарихының негізгі мәселелеріне тоқталып, еліміздің қазіргі тарихы бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сапар барысында ҚазҰУ профессоры Қазақстанның Италиядағы Елшілігіне шақырылды. ҚР-ның Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сергей Нұртаев университеттердің жемісті өзара іс-қимылына үлкен көңіл бөліп, екі елдің білімі мен ғылымын дамытуда табыстар тіледі. "Қазақстанның Италиядағы Елшілігі алдағы уақытта да Қазақстан мен Италияның мәдени-гуманитарлық серіктестігі үшін осы байланыстарды кеңейтуге ықпал етеді", - деп атап өтті Сергей Нұртаев.
Елші ҚазҰУ-дың ұжымы мен Қалқаман Тұрсынұлына жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан жеке үлесі үшін алғысын білдіріп, қазақстандық ғалымға салтанатты түрде алғыс хат табыс етті.