Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 23 маусымда Қазақстандағы V Халықаралық йога күні өтеді.
Шараның қонақтары мен қатысушыларын қызықты бағдарлама күтіп тұр. Шарада Қазақстанның үздік нұсқаушылары йоганың әр түрлі элементтерін, қимыл қозғалыстарын көрсетіп, «Чандра намаскар» - «Айға сәлемдесу» атты тәжірибелік сабақтар өткізеді.
«Foure фестивалінің Zin-жеңімпаздарының Anima Voce және Zumba вокалдық тобының қатысуымен әсерлі йога - шоу, Әйгерім Есенованың Bolly Fit Dance би жаттығулары және диджей Алена Лобастованың динамикалық медитациясы мерекенің сәніне айналады. «Дивьянвари» талантты ұжымының орындауында өзіндік үнді биі ұсынылады».
Балаларды назардан тыс қалдырмау мақсатында «Kids-Yoga» арнайы бағдарламасы да қарастырылған. Ұтыс ойындарында Алматы қаласының йога студиясының бағалы сыйлықтары мен сертификаттары және басқа да көптеген тосынсыйлар күтіледі. Бас жүлде Үндістанға жолдама беріледі. Йога мерекесі барлық тілек білдірушілерді асыға күтуде, және келушілер міндетті түрде өздерімен бірге кілемше және тамаша көңіл-күйде келу қажет.
Іс-шара ҚР-дағы Үндістан елшілігінің қолдауымен өткізіледі.
Орны, күні және уақыты: Алматы қ., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (ректорат алдындағы алаң), 23 маусым, басталуы сағ 15:00.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі
8 (727) 377 31 48, ұялы тел.+7 775 410 4888
www.kaznu.kz