Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мыңдаған ұжымы Арыс қаласындағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен отандастарымыздың қайғысына ортақтасып, алаңдаулы. Ғалымдар, оқытушылар және ҚазҰУ қызметкерлері бірауыздан Арыс қаласының тұрғындарына материалдық көмек көрсету мақсатында бір күндік еңбек ақыларын аударатындарын мәлім етті.
Арыс, бiз бiргемiз!
www.kaznu.kz