Жаңалықтар

Білім саласының цифрландырылуы

26.06.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Механика және математика» ҒЗИ мен ақпараттық технологиялар және инновациялық даму институтының ұйымдастыруымен «Білім беру жүйесін цифрландыру» атты ақпараттық-практикалық семинар өтті. Шара «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолдауымен өткізілді.

Практикалық сессия барысында «Университеттің оқу және ғылыми қызметін автоматтандыру мәселелері мен шешу жолдары» атты дөңгелек үстел – пікірталас алаңы ұйымдастырылдыі. Семинарда спикерлер тарапынан виртуалды зертханалар, бұлтты оқыту жүйесі, ЖОО үшін электрондық құжат айналымы, автоматтандыру сервистері, ашық білім беру контенті сияқты негізгі тақырыптар қозғалды.

Шараға келген қонақтар заманауы бағдарламалар мен жаңартылған техникамен жабдықталған ҚазҰУ-дың жағдаяттық басқару орталығын, экономика және бизнес Жоғары мектебінің аудиторияларын аралап шықты. Ғалымдар, профессорлар мен шақырылған компания өкілдері цифрлы трансформациялау тақырыбында баяндама жасады.

Айта кетерлігі, мұның бәрі болашақта Қазақстанның білім беру саласында болатын нәрсе. Белсенді бағытқа ие болып отырған цифрландыру тақырыбы, білім беру салансын реформаландыру процесінде жетекші трендтердің біріне айналды.

Бірегей ақпараттық-тәжірибелік алаңға айналған семинарда жоғары оқу орындарының процестерін автоматтандырудың өзекті мәселелері қарастырылып қана қоймай, сарапшылар  тарапынан жаңа білім беру технологиялары туралы қызықты баяндамалар  баяндалды.

«Бүгін біз инфрақұрылымы өзгерген цифрлы-сандық қоғамда өмір сүрудеміз. Қазіргі заманғы студенттер білім беру үдерісіне деген қарым-қатынасын мүлдем өзгерткен, ал көпшілік әлем университеттері білім берудің сандық форматына көшкен. Жаңа «Z» буыны ескірген технология бойынша ақпаратты қабылдауға дайын емес. Сондықтан ҚазҰУ-да осы бағытта белсенді жұмыс жүргізілуде», – деп атап өтті өз сөзінде оқу жұмысы жөніндегі проректоры Асқар Хикметов.

Білім беру процесінің автоматтандыру үдерістерінің баяулағаны белгілі, әрі технологиялық прогрестермен салыстырғанда оқыту процесі жылдан жылға күрделенуде. Сондықтан осындай семинарларды өткізудің маңызы жоғары. Жұмыс форматында өтетін тәжірибелік сессияларда сарапшылар өз пікірлерімен бөлісіп, диалог  барысында туындаған сұрақтарға жауап алады.

Цифрлық Қазақстанның болашағы – бұл елдің әрбір тұрғыны смартфон немесе компьютердің көмегімен қажетті амалдарды жасау арқылы, тиісті ақпаратын алып, тапшы уақытын мейлінше үнемдейтін дәрежеге жететін болады. Бұл болашақ кеше ғана басталды.

www.kaznu.kz