6 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндеҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттар қауымдастығының төрағасы Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбекпен кездесу өтті. Бас қосуды ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов сөз сөйлеп ашты.Онда «ҚР Мемлекеттік Хаттамасы» кітабының авторы Бауыржан Байбек студенттерге осы шығармасына сәйкес актілік дәрісін оқыды.
Бұдан басқа отырысқа Тіл және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Шолпан Жаманбалаева, халықаралық қатынастар факультетінің деканы КәрімжанШәкіров, Жастар комитеті ұйымының жетекшісі Назира Болдурукова және университет Студенттерсенатының белсенді мүшелері мен халықаралық қатынастар, халықаралық саясат мамандықтарында білім алып жатқан студенттер қатысты.
Жиынды ҚазҰУ ректоры академик Ғ.М.Мұтанов ашып, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігіжетекшісінің орынбасары «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттар қауымдастығының төрағасы Бауыржан Байбекке сөз берді. Ол “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хаттамасы” актілік дәрісін оқып, өзінің өмірлік тәжірибесімен, Германияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыған кезіндегіқызықты жағдайларымен бөлісті. Студенттермен емен-жарқын әңгімелесіп, ой бөлісе отырып,жиналған студент жастардың сауалдарына толық жауап берді.
Сондай-ақ, кездесусоңында университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы Бауыржан Қыдырғалиұлына қасиетті қара шаңырақ атынан естелік сыйлықтар тарту етті. Ал өз кезегінде ҚазҰУ қонағы университетіміздің үздік студенттеріне арнайы кітаптарды сыйға ұсынып, олармен бірге естелікке суретке түсті.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі