Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология және әлем тілдері факультетінде Олжас Омарханұлы Сүлейменовтің «Этимологияға кіріспе» еңбегінің тұсаукесері рәсімі өтті.
Оқырманға ұсынылып отырған Олжас Сүлейменовтің бұл кітабы этимологияға кіріспе болып табылады. Бірнеше новеллалардан тұратын кітапта көптеген туыс және туыс емес тілдердің материалдары негізінде графикалық бейнесін қайта жаңғырту арқылы ғана білуге болатын бірқатар сөздердің этимологиялық зерттеулері ұсынылады. Жалпы алғанда кітап этимологияға қатысты тың идеяларымен оқырманның қызығушылығын тудырады. Ол сөз тарихы, тіл тарихымен айналысатын мамандарға өте қажет. Сонымен бірге жаңа этимологияның ғана дамуына емес, тарихнама, мәдениеттану, география және тағы басқа да білім салаларына да ықпал етері сөзсіз. Кітаптың жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға, ұстаздарға, тілші ғалымдарға берер пайдасы зор.
www.kaznu.kz
www. kaznu.kz