Жаңалықтар

ҚазҰУ докторанты экономика институтында баяндама жасады

19.07.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Логистика" мамандығының докторанты Асхат Серікбекұлы ҚР БҒМ Экономика институтының дөңгелек үстел отырысында өз баяндамасын оқыды.

Қаржыны басқару және қаржыландыруды тарту саласындағы Бизнес-тренер және бизнес-кеңесші іс-шараға қатысушылардың назарына «Тапсырыстарды басқару бойынша сервис мысалында BigData пайдалана отырып, алдын ала талдауларды құру тәсілдері EZapp.kz» атты баяндамасын ұсынды. Дөңгелек үстелде сондай-ақ "Индустрия 4.0" тұжырымдамасының және оны өнеркәсіпте қолдану мәселелері талқыланды.

Асхат Серікбекұлы қаржы талдауынан бастап қаржы холдингін басқарушыға дейінгі жолдардан өтіп, тәжірибенің басым бөлігін халықаралық компанияларда қаржы директоры болып жұмыс істеген кезде игерген. Ол бүгін де өз саласының үздігі атанған.

www.kaznu.kz