Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқуға тапсырушы талапкерлер үшін бірнеше жеңілдіктер түрін ұсынады.
Биылғы жылы «Әл-Фараби» Республикалық олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған талапкерлерге төрт жылдық оқу ақысынан 100 % мөлшерінде жеңілдік беріледі. Аталған жеңілдік бүкіл оқу мерзіміне беріледі.
«Ерекше аттестаты» бар мектеп түлектері, «Алтын белгі» иегерлері үшін бірінші оқу жылы ақысынан 25% мөлшерінде жеңілдік ұсынылса, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ колледжін үздік дипломмен аяқтаған түлектер; «Өте жақсы» және «жақсы» бағаларға ие мектеп түлектері; ғылыми жобалар мен әр түрлі байқаулардың жеңімпаздары атанған талапкерлерге бірінші оқу жылы ақысынан 10% мөлшерінде жеңілдік беріледі. Бұдан бөлек талапкерлер оқу мерзімінің барлық кезеңіне алдын ала төленген жағдайда төлем сомасы оқу мерзімінің соңына дейін өзгеріссіз қалады.
www.kaznu.kz