- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Сарапшылар деңгейіндегі басқосу
25.07.2019БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс бойынша басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) аймақтық өкілі Ашита Миттал ҚазҰУ-ға келген сапары барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары талқыланды.
ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев бүгінгі таңда университетте білім беру бағдарламаларының 70%-дан астамы ағылшын тілінде жүзеге асырылатынын атап өтті. ҚазҰУ БҰҰ және оның құрылымдық бөлімшелерімен белсенді ынтымақтастық орнатып, үшінші рет жоғары оқу орны БҰҰ-ның Тұрақты даму бойынша "Академиялық ықпал" бағдарламасының жаһандық хабына ие болады. Университетте екі ЮНЕСКО-кафедрасы және БҰҰ бойынша аймақтық ресурстық ақпарат орталығы жұмыс істейді. Жоғары оқу орнының белсенді жұмысының нәтижесі Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институтының ашылуы болды. Оның қызметі білім беру, зерттеу және халықаралық іс-шаралар арқылы тұрақты даму саласындағы әріптестікке жәрдемдесуге бағытталған.
Ғалымдар әлемдік қоғамдастықтың жаһандық сын-қатерлерін ұлттық және халықаралық деңгейде шешуге тартылған, жаһандық қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша тақырыптық семинарлар өткізілуде. ҚазҰУ-да жаһандану мәселелерімен жұмыс істеу жөніндегі халықаралық орталықтар мен институттар құрылған.
Ашита Миталл университет басшылығының шақыртуына алғыс білдіріп, жоғары білім беру және ғылыми-зерттеу потенциалын, инновациялық инфрақұрылым мен студенттерді қазіргі заманғы және болашақтың негізгі капиталы ретінде атап өтті.
Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың, есірткінің заңсыз айналымының, оның ішінде синтетикалық есірткінің, атыс қаруының, киберқылмыс пен адам саудасының мәселелері барлық елдердің БҰҰ мен басқа да халықаралық акторлардың көптеген күш-жігеріне қарамастан бүкіл әлемде өзекті болып қала береді. Осы мәселелерді шешу үшін жетекші ғылыми және білім беру мекемелерімен ынтымақтастық өте маңызды. Сараптамалық деңгейде де өзара іс-қимыл жасау, зерттеулерді, ғылыми жобаларды дамыту қажет.
«БҰҰ-ның ЕҚБ аймақтық басқару кеңсесі студенттер мен оқытушыларға арналған 40-қа жуық оқыту курстарын, тренингтер мен жобаларды ұсынады. Біз ынтымақтасуға дайынбыз», - деді Ашита Миттал.
Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен ғылыми зерттеулерді, білім беру бағдарламаларын дамытуды қоса алғанда, Орталық Азияның жетекші жоғары оқу орны ретінде ҚазҰУ әлеуетіне негізделе отырып, сондай-ақ БҰҰ тәжірибесі мен мандаттарын және UNAI принциптерін ескере отырып, көпжақты әріптестікті дамыту шешілді.