Жаңалықтар

Конфуций Институтында кезекті қытай тілінен тест өткізілді

08.12.2010

2010 жылғы 5 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций Институтында кезекті қытай тілі (HSK) және қытай тілі оқытушыларын сертификациялаудан өткізу бойынша тест өткізілді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций Институты 2008 жылдан бастап қытай тілі бойынша HSK тестісін өткізетін ресми орталық болып табылады.

Аталған шараға Алматы қаласындағы түрлі жоғары оқу орындарынан келген 77 студент пен 5 оқытушы қатысты.

Қазіргі уақытта Конфуций Институты барлық тиісті құжаттар мен HSK тестісінің нәтижелерін Пекин қаласындағы Қытай тілін тарату жөніндегі Бас штабқа (ҚХР) жолдады. Тестілер онда тексерілгеннен кейін Қытай тілін тарату бойынша Бас штабтың нақтылауымен HSK тестісіне қатысушылардың бағалары белгіленген сертификаттар ҚазҰУ-дың Конфуций Институтына жіберіледі. Тестіге қатысушылар өз сертификаттарын 2011 жылдың ақпан айында ала алады.

HSK және BCT тестілері мен сертификаттарының артықшылықтары:

- Қытай тілін меңегру деңгейі сапасын бағалау;

- ҚХР үкіметі есебінен Қытайда тағылымдамадан өтуге арналған стипендия алу мақсатында конкурстарға қатысу;

- ҚХР-да жұмысқа орналасу барысындағы артықшылықтар;

- Қытай жоғары оқу орындарының бакалавриат, магистратура және аспирантураларына түсу мүмкіндігі.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі