Жаңалықтар

Еуропа және Азия саяси мүдделері тоғысындағы Орталық Азияның орны

21.08.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Еуропа және Азия саяси мүдделері тоғысындағы Орталық Азияның орны XVIII – XIX ғғ.» атты халықаралық ғылыми семинар өз жұмысын бастады.

Семинардың алғашқы күні Массака Ивона Агнешка (Торунь, Республика Польша), Dmitry V. Shlapentokh (Саут-Бент, АҚШ), Дарбаев Азамат Газижанулы (Нұр-Сұлтан, Қазақстан Респупбикасы), Лысенко Юлия Александровна (Барнаул, Ресей Федерациясы), Удербаева Сауле Карибаевна, Сагатов Ануар Мухтарулы (Алматы, Қазақстан Респупбикасы), Жоомарт Мурзаевич Сулайманов (Ош, Қырғыз Республикасы), Котюкова Татьяна Викторовна (Мәскеу, Ресей Федерациясы), Избасарова Гульбану Болатовна (Ақтөбе, Қазақстан Респупбикасы) сынды танымал ғалымдар ғылыми баяндама жасап, өз ойларын ортаға салды.

Семинар жұмысы барысында Ресей империясы тарапынан жүргізілген Орталық Азиядағы әлеуметтік-экономикалық реформалар, XVIII ғасыр шеңберіндегі халықаралық қатынастардағы ойрат мәселесі талқыланды. Сонымен қатар аманат институты және Орталық Азия мемлекеттері арасындағы қырғыз елінің халықаралық беделі, XIX ғасырдағы Түркістан жеріндегі көшпелілік мәселелрі ғылыми тұрғыдан тұжырымдалды.

Семинардың алғашқы күні сәтті аяқталды. Қызу пікірталас орын алып, бүгінгі күннің өзекті мәселелері ортаға салынды.      

www.kaznu.kz