Жаңалықтар

Шығыстану факультетінде парсы тілі курсы басталды

22.08.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында ирантану бөлімі мен Саади қоры (ИИР) және ИИР-дың ҚР-дағы Елшілігі Мәдени өкілдігінің (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) ұйымдастыруымен Қазақстандағы парсы тілі мен әдебиеті оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы өз жұмысын бастады.

Курсты Иран Ислам Республикасынан арнайы келген доктор Сафар Моқаддам жүргізеді. Курс барысында оқытушылар парсы тілін, жалпы шет тілдерін оқытудың заманауи әдістерімен танысты. Курста сондай-ақ парсы тілі оқытушылары әріптестерімен өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сағаттарын өткізді.

www.kaznu.kz