Жаңалықтар

Ынтымақтастық – даму белгісі

28.08.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу жұмысы жөніндегі проректоры Асқар Хикметов пен  Конджу Ұлттық университетінің президенті Сунг Су Вон мырзамен өткен іскерлік кездесу аясында  ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

ҚазҰУ бүгінгі таңда Оңтүстік Кореяның 55 университеттерімен және ұйымдарымен тікелей серіктестік қарым-қатынас орнатты, олармен 64-тен астам екіжақты келісімге қол қойылды. Атап айтар болсақ ынтымақтастық бағыттары кең спектерден тұрады: студенттер мен оқытушы профессорлар құрамымен алмасу, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру, профессорларды шақыру, PhD доктаранттарға қол жеткізуді жүзеге асыру. Мысалы, соңғы үш жылда корейтану кафедрасының 80-нен астам студенті Кореяның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында тілдік тағылымдамадан өтті.

Университетте Халықаралық корейтану орталығы табысты жұмыс істейді, оның мақсаты корейтану ғалымдарЫ мен оқытушылары,  ғылыми қызметкерлері, докторнаттар мен студенттері Кореяның тарихын, мәдениетін, саясатын, экономикасын және корей тілін кешенді зерттеу үшін күш-жігерін біріктіру және үйлестіру болып табылады.

Сонымен қатар жыл сайын ынтымақтастық туралы меморандум аясында Кангам Северанс клиникасының дәрігерлері ҚазҰУ базасындағы "Smart Health" диагностикалық орталығының емделушілерін тегін диагностикалық қызметтер мен емдеу үшін волонтерлік бағдарламамен келеді. Және де "POSCO TJ PARK Foundation" қорының  бағдарламасы аясында Азияның 10 еліндегі 12 университетінің ең үздік студенттеріне, 20-ға жуық  шәкіртақы беріледі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жыл сайын аталған шәкіртақының иегері болып келеді.

Конджу Ұлттық университетінің президенті Сунг Су Вон мырза университет басшылығына өз алғысын білдіріп, алдағы уақытта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға ниетті екенін жеткізді.

Аталмыш кездесуде тараптар қандай бағыттар бойынша жұмыс жасау керектігін жан-жақты талқылап, ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

www.kaznu.kz